Менің дилерлерім
Аталған бөлім Omarket растаған индустриялық немесе ST-KZ сертификаттары бар тауарлар ғана көрсетілетін отандық өндірушілерге арналған.
Функционалды баптау үшін "Жеке кабинет" - "Тауарлар" мәзірі - "Менің Дилерлерім" бөліміне өтіңіз.
"Менің Дилерлерім" бөлімін ашу барысында Omarket растаған индустриялық немесе ST-KZ сертификаттары бар тауарлары бар "Дилерлер тізімі" нысаны көрсетіледі.
Іздеу нысаны өз құрамында келесі өрістер мен батырмаларды қамтиды:
Элементі
|
Әрекет
|
Тауар атауы
|
Қолмен толтырылады.
|
Артикул/SCU
|
Қолмен толтырылады.
|
Дилердің ЖСН/БСН
|
Қолмен толтырылады.
|
Каталог 1 деңгей
|
Тізімнен бірінші деңгейдегі каталог санаты таңдалады.
|
Каталог 2 деңгей
|
Тізімнен екінші деңгейлі каталог санаты таңдалады.
|
Каталог 3 деңгей
|
Тізімнен үшінші деңгейлі каталог санаты таңдалады.
|
Нәтижелерді көрсету
|
Бір іздеу өлшемшарттарын немесе бірнешеуін көрсетіп, "Нәтижелерді көрсету" батырмасын басу жеткілікті.
|
Қалпына келтіру
|
Іздеу өлшемшарттарын өзгерту қажет болса, "Қалпына келтіру" батырмасын басыңыз.
|
+ Дилерді қосу
|
Түйме бірнеше тауарлар бойынша дилерді қосуға арналған.
|
"Дилерлер тізімі" нысанында "Өндірушінің бағасы" бағанында "Орнату" батырмасы бар.
"Орнату" батырмасын басу барысында "Сауда - ұсыныстарды басқару (бағалар анықтамалығы)" нысаны бар бет ашылады.
Бағаларды қосу функционалымен: https://omarket.kz/lerning/?COURSE_ID=1&CHAPTER_ID=029&LESSON_PATH=1.13.29 сілтемесі бойынша толығырақ таныссаңыз болады.
Іздеу нәтижесі шыққаннан кейін, тауар туралы ақпаратты көру үшін "Редакциялау" қолжетімді әрекетіне басыңыз.
"Редакциялау" батырмасын басқаннан кейін "Тауар туралы ақпарат", "Жаңа дилерді қосу" және "Қосылған дилерлер тізімі" нысаны бар парақша ашылады.
Назар аударыңыз! "Жаңа дилерді қосу" нысаны, тауар туралы ақпаратта "Тек дилерлер" батырмасы таңдалған жағдайда қолжетімді.
"Тауар туралы ақпарат" нысанында "Тек дилерлер" және "Кез келген өнім берушілер" батырмасын таңдауға байланысты пайдаланушыға "Қазір сата алады" өрісіндегі ақпаратты өзгерту қолжетімді болады. Мысалы, "Кез келген өнім берушілер" батырмасын басқан кезде, жүйе өрісте "Енді кез келген өнім берушілер сата алады" деген ақпаратты "Тек дилерлерге" өзгерту мүмкіндігімен көрсетеді:
Тауардың атауында гиперсілтеме орналасқан, оны басқан кезде жүйе толық сипаттамасы бар тауарды шолу парақшасына қайта бағыттайды.
"Жаңа дилерді қосу" нысанында "ЖСН/БСН" өрісін толтыру барысында экранда келесі жолақтары бар іздеу нәтижесі шығады:
-
Атауы;
-
ЖҚТ-да тұрады;
-
Дилердің сату аймағы
Назар аударыңыз! Егер өнім беруші жосықсыз қатысушылардың тізілімінде (бұдан әрі - ЖҚТ) тұрса, "ЖҚТ-да тұрады" деген жолақта "Иә" деген мән көрсетіледі және "Қосу" батырмасын басқан кезде жүйе "Өкінішке орай, Сізбен таңдалған дилер жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген" деген хабарламаны көрсетеді.
Егер өнім берушіні дилерлерге қосып үлгерген, бірақ біраз уақыттан кейін ол ЖҚТ-не түскен жағдайда, сатып алушы ұйымға тапсырыс беру кезінде осы өнім беруші есептеулерге қатыспайды.
Іздеу нәтижесі шыққаннан кейін "Қосу" батырмасын басыңыз. Таңдалған ұйым "Белсенді" мәртебесімен "Қосылған дилерлер тізімі" нысанында көрсетіледі.
"Өшіру" батырмасын басқан кезде жүйе әрекетті растайтын модальды терезені көрсетеді:
Назар аударыңыз! "Менің барлық тауарларыма арналған әрекетті орындау" өрісін белгілеу қолжетімді, бұл жағдайда дилердің мәртебесі Сіздің барлық тауарларыңызда өзгереді.
Расталғаннан кейін Жүйе дилердің мәртебесін "Белсенді емес" күйіне өзгертеді.
Бірнеше тауарлар бойынша дилерді қосу.
Бірнеше тауар бойынша дилерлік ұйымды қосу үшін бір уақытта "+ Дилер Қосу" батырмасын басыңыз
Жаңа дилерді қосу формасы көрсетіледі
"Жаңа дилерді қосу" нысанындағы "ЖСН/БСН" өрісін толтыру кезінде экранда келесі өрістермен іздеу нәтижесі көрсетіледі
-
Атауы;
-
РНУ-да тұрады;
-
Дилердің сату аймағы
Дилердің сату аймағын белгілеңіз, тауардың атауы жолына құсбелгі қойыңыз және"таңдаулыларға Қолдану" түймесін басыңыз
Назар аударыңыз! "Таңдалғандарға қолдану" түймесі кем дегенде 1 (бір) өнім белгіленген жағдайда ғана белсенді болады.
Осылайша, жүйе дилердің бетте белгіленген тауарлар туралы мәліметтерін қосады
Дилерді бірнеше тауарлар бойынша алып тастау.
Дилерді бірнеше тауарлар бойынша ұйымдастыруды болдырмау үшін бір уақытта "Дилерді өшіру" батырмасын басыңыз
Қосылған дилерді алып тастау нысаны көрсетіледі
"Дилерді жою" нысанындағы "ЖСН/БСН" жолағын толтырған кезде экранда ұйым атауымен нәтиже көрсетіледі
Тауардың атауы жолына құсбелгі қойып,"Таңдаулыларға Қолдану" батырмасын басыңыз
Назар аударыңыз! "Таңдалғандарға қолдану" түймесі кем дегенде 1 (бір) өнім белгіленген жағдайда ғана белсенді болады.
Осылайша, жүйе бетте белгіленген тауарлар бойынша дилердің деректерін жояды, дилердің мәртебесі "Белсенді емес" болып өзгереді
Нравится0
|