• Жеке жеткізу (қалаішілік)

    Жеке жеткізу (аймақтық)

    ОМаркет жеткізіліміне жазылу

    Ірі тонналық жүкті есептеу

    Жеткізу бойынша ақпаратты қосу немесе көру үшін "Компания бейіні" бөлімі - "Жеткізу" мәзіріне өтіңіз:





    Жеке жеткізу (қалаішілік)

    Егер ұйымда жеке жеткізілім бар болса, сату нүктелері кесіндісінде жеткізу құнына қатысты ақпаратты толтыру қажет. Ол үшін "Елді мекенді қосу" батырмасын басыңыз:




    Ашылған нысанда келесі нысанды толтырыңыз:

    • Елді мекенді таңдау. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Тізімде тек сату нүктелеріне қосылған елді мекендер ғана көрсетіледі.
    • Тапсырыс құны (тг). ҚҚС-ның есебінсіз соманы көрсету қажет.
    • Жеткізу құны (тг). ҚҚС-ның есебінсіз құнын көрсету қажет.
      Егер Сіздің ұйымыңыз ҚҚС-ның төлеушісі болса, онда жүйе автоматты түрде ҚҚС-ның сомасын есептейді.


    Сондай-ақ, егер сіздің ұйымыңыз тауарларды арнайы санаттарда сатылса, онда "Жеткізілімді арнайы санаттарға нөлдеу" функциясын қосу керек. Бұл жағдайда арнайы санаттардағы тауарлармен тапсырыстар жеткізу құны тауар құнына жеткізу құны салынғанына байланысты 0 теңгені құрайтын болады.

    Арнайы санаттарға жатпайтын қалған тауарлар бойынша тапсырыстар үшін параметрлерде көрсетілген жеке жеткізу құны болып саналады:



    Назар аударыңыз! Қазіргі уақытта арнайы санаттарға кіретін санаттар: "Бензин", "Автогаз", "Дизель отыны" және "Тамақ өнімдері" санатындагы OMarket.kz жеткізілімі жоқ санаттары: Жеткізу қолжетімділігі туралы ақпарат

    Жеткізу туралы ақпаратты өзгерту үшін "Түзету" батырмасын басыңыз:



    Жеткізудің бірінші шартын енгізіңіз "Тапсырыс сомасы 0 теңгеден ထ-теңгеге дейін", қосымша шарттарды енгізу үшін "Тағы қосу" басыңыз:



    Мысалы: Ақтөбе қ. бойынша қойылды

    ПБірінші шарт, "0 тг-ден 100 000 тг-ге дейінгі тапсырыс сомасында" жеткізу құны 1 000 теңгеге тең.

    Екінші шарт, "100 000 тг және жоғары тапсырыс сомасында" жеткізу құны 5 000 теңгеге тең:



    Түзетулерді енгізгеннен кейін "Сақтау" батырмасын басыңыз:




    Жеке жеткізу нүктесін жою үшін "Жою" батырмасын басыңыз:



    Назар аударыңыз, жеткізу құны 10 000 теңге сомасынан аспауы тиіс.



    Жеке жеткізу (аймақтық)

    Егер ұйымда басқа елді мекендерге жеке жеткізілімі бар болса, жеткізу құнына қатысты ақпаратты толтыру қажет. 
    Өзіндік жеткізуді орнату үшін «Ұйым профилі» бөліміне «Жеткізу» қойындысына, «Өзіндік жеткізу»  ішкі қойындысына өтіңіз 





    Ашылған бетте сіздің компанияңыздың бұрын енгізілген жеткізілімі туралы ақпарат көрсетіледі

    Жаңа жеткізуді қосу үшін «Өзіндік жеткізуді орнату» батырмасын баcыңыз


    Өзіндік жеткізу баптауын енгізу формасы ашылады


    Өрістердің сипаттамасы:

    1. Жеткізу * - тауарды жөнелту жүргізілетін сату нүктесін таңдау керек.

    2. Жеткізу * - өз күшімен жеткізу жүргізілетін облыс, аудан, ауыл және/немесе елді мекен бөлінісінде елді мекенді таңдау қажет

    3. Жеткізу құны (ҚҚС-пен)* - ҚҚС-ты ескере отырып, жеткізу құнын көрсету қажет. Өріс тек ҚҚС-пен жұмыс істейтін компаниялар үшін қол жетімді.

    4. Жеткізу құны (ҚҚС - сыз)* - ҚҚС-сыз жеткізу құнын көрсету қажет. Өрісті тек ҚҚС-сыз жұмыс істейтін компаниялар үшін толтыруға болады.

    5. «Қосымша қосу» - батырмасы жеткізу құнын сомалар бойынша бөлуге арналған, мысалы, тапсырыс сомасы үшін 0-ден 150 000 теңгеге дейін жеткізу құны 7 000 теңгені құрайды, 150 001 теңге тапсырыс сомасынан жеткізу құны 0 теңгені құрайды.


    Жеткізу туралы ақпаратты сақтау үшін барлық деректерді толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз


    МАҢЫЗДЫ! «*» белгісімен белгіленген өрістер міндетті түрде толтырылады. Егер міндетті өрістің біреуі толтырылмаса, келесі қате көрсетіледі:


    Егер аталған аймаққа (облысқа, ауданға, ауылға) бұрын өзіндік жеткізу бапталған болса, онда сақтау кезінде бұл туралы ескертумен және «Жою» және «Қалдыру» әрекеттерімен хабарлама көрсетіледі






    «Жою» батырмасын басқан кезде жүйе алдыңғы жеткізу жазбасын жояды және ағымдағы баптауды сақтайды.

    «Қалдыру» батырмасын басқан кезде жүйе алдыңғы жазбаны белсенді қалдырады және жаңа баптауды сақтайды.


    МАҢЫЗДЫ! Егер бір елді мекенге (облысқа, ауданға, ауылға, ауылдық округке) әр түрлі сату нүктелерінен және әр түрлі жеткізу бағасымен өзіндік жеткізу орнатылса, тапсырысты есептеу үшін ең төменгі (ең тиімді) бағамен жеткізу қолданылады.


    «Сақтау» батырмасын іске қосқаннан кейін деректерді толтырудың дұрыстығын растау қажет


    Деректерді дұрыс толтырған кезде жеткізу туралы ақпарат негізгі бетте сақталады


    Жеткізу туралы толық ақпаратты көру үшін көз пиктограммасын басыңыз


    Сіздің назарыңызға күн мен уақыт бөлінісінде енгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат, өзгерістер енгізген компания қызметкерінің деректері, сондай-ақ тапсырыс сомасы мен жеткізу құны көрсетілген кесте ұсынылады


    Қажет болса, жеткізу деректерін өзгерту функциясын пайдалана аласыз, ол үшін тиісті қарындаш пиктограммасын басыңыз




    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сұр түске боялған өрістер түзетілмейді.

    Ашылатын нысанда жеткізу құнын және тапсырыс сомасын өзгерте аласыз.

    Деректерді өзгерткеннен кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз


    Жеткізу туралы ақпарат келесідей сақталады


    Толық ақпарат алу үшін Сіз енгізілген өзгерістер кестесін көре аласыз


    Енгізілген өзгерістер кестесі


    Қате енгізілген өзіндік жеткізілімді жою үшін жою функциясын қолданыңыз, ол үшін себет пиктограммасын басыңыз


    Ашылған жаңа бетте таңдалған әрекетті растау керек



    ОМаркет жеткізіліміне жазылу

    Егер сіз бүкіл Қазақстан бойынша тауар жеткізуді жүзеге асырғыңыз келсе, онда сіз ОМаркет жеткізілімін пайдалана аласыз. ОМаркет жеткізіліміне жазылуды белсендіру үшін, «ОМаркет жеткізілімне жазылу» бағанын – «Өшірулі» күйінен «Қосулы» күйіне ауыстырыңыз.

    ОМаркет жеткізіліміне жазылуды өшіру үшін, «ОМаркет жеткізіліміне жазылу» бағанын – «Қосулы» күйінен «Өшірулі» күйіне ауыстырыңыз.



    ОМаркет жеткізіліміне жазылымды іске қосқаннан кейін, жаңа жеткізу параметрлері келесі айдың 1-ші күнінен бастап күшіне енеді және жазылу кезеңінде рәсімделген барлық тапсырыстарға, соның ішінде өз жеткізуімен рәсімделген тапсырыстарға қолданылады.

    Жазылым ажыратылған жағдайда жеткізу параметрлері бірден қолданылады және барлық келесі тапсырыстарды сіз өз жеткізуіңізбен ғана қабылдайсыз.

    Әдепкідей, ОМаркет жеткізілімінің ағымдағы параметрлері көрсетіледі.



    Тауарлардың барлық санаттарын жеткізуді есептеу тауардың құнына байланысты жүргізіледі.

    Комиссия – «Тапсырысты жеткізу бойынша теңгерімді бұғаттау (жеңіл тауар)».

    «Ауыр тауар» белгісі бар санаттар үшін екі опцияның бірін таңдау керек:

    1. Жеткізу құны тапсырыс сомасына қосылады (Тапсырыс беруші өтейді) – бұл тауардың бір бірлігінің құнынан тапсырыстағы санға көбейтілген, белгіленген «Комиссия % (Тапсырыс беруші өтейді)»

    Комиссия – «OMarket жеткізілімін өңдеу қызметі (Тапсырыс беруші өтейді)»

    2. Жеткізу құны тапсырыс сомасында есепке алынбайды - яғни жеткізу құны - бұл тауардың бір бірлігінің құнынан тапсырыстағы санға көбейтілген, белгіленген «Комиссия %».

    Комиссия – «Тапсырысты жеткізу бойынша теңгерімді бұғаттау (жеңіл тауар)»

    Жеткізу бапталымдарындағы параметрлердің өзгеруі келесі айдың 1-ші күнінен бастап қолданылады және айдың соңына дейін жарамды болады. Егер өзгерістер болмаса, келесі айдың соңына дейін ағымдағы параметрлер қолданылады.

    Қызмет көрсетуші үшін Омаркет жеткізілімі - егер тапсырыс "Омаркет жеткізілімі" жеткізу тәсілімен қабылданған болса, тегін. Жеткізу ақысын Тапсырыс беруші төлейді.

    ·         Егер тапсырыс «Жеткізу құны тапсырыс сомасына қосылады (Тапсырыс беруші өтейді)» баптау түрімен «Ауыр тауар» санатындағы тауарға рәсімделген болса, жеткізу құнын Тапсырыс беруші өтейді.

    ·        Егер тапсырыс «Жеткізу құны тапсырыс сомасында есепке алынбайды» баптау түрімен «Ауыр тауар» санатындағы тауарға рәсімделген болса, жеткізу құнын Тапсырыс беруші өтемейді.

    ·        Егер тапсырыс қалған тауарларға рәсімделген жағдайда («Ауыр тауар» санатынан емес), жеткізу құнын Тапсырыс беруші өтемейді.

    Ескерту 1. Егер жеткізілімге жазылу қосылған болса және тапсырыс берушінің елді мекеніне Омаркет жеткізуі болмаса, тапсырыс бойынша жеткізу комиссиясы бұғатталмайды.

    Ескерту 2.
     Егер жеткізілімге жазылу қосылған болса және өнім берушіде Омаркет жеткізуінің алып кету мүмкіндігі бар елді мекендерінде сату нүктесі болмаса тапсырыс бойынша жеткізу комиссиясы OMarket жеткізу шарттарына сәйкес бұғатталады. Егер OMarket жеткізуі үшін алып кету мүмкіндігі бар елді мекендерде жұмыс істейтін сауда нүктесі болмаса, бірақ өнімберуші жеткізуге жазылымды пайдаланғысы келсе, мүмкіндігі бар ең жақын елді мекенде «өзін-өзі жеткізу пункті» белгісі бар сауда нүктесін орнатуға болады. Толығырақ «Филиалдар/сату нүктелері және өзін-өзі жеткізу пункттері» бөлімінде қараңыз.

    Ескерту 3. Егер жеке жеткізу бапталған болса, онда жеке жеткізу құны «ОМаркет жеткізіліміне» қарағанда арзанырақ болған жағдайда жеткізу құнына берілетін болады.   

    Ескерту 4. Егер тапсырыс бойынша Өнім берушінің жеке кабинетіндегі бапталымдарға сәйкес немесе Өнім беруші алдын ала тапсырыста «Өнім берушінің жеткізілімімен» баға берген кезде «Өнім берушінің жеткізілімімен» жеткізу әдісі қолданылса, тапсырыс бойынша «Омаркет жеткізілімі» жеткізу әдісін таңдау қолжетімсіз. Бұл жағдайда тапсырыс бойынша жеткізу комиссиясы бұғатталады.   


    ОМаркет жеткізілімі параметрлерінің өзгеру тарихы:



    Ай аяқталғанға дейін жеткізушіде жаңа жеткізу параметрлерін өзгерту немесе жою мүмкіндігі бар.
    Өзгерту - жаңа параметрлерді қойып, «Қолдану» батырмасын басу керек.
    Жою – «Урна» белгішесін басу керек.


    Нравится0