Каталог плиткасындағы тауарлар бойынша бағаларды қосу үшін, тауарлар Каталогына өтіп, қажетті бөлімді таңдап, тауарлар санаттарының атауына басу керек:
Жүйе қосылған тауарларды, сондай-ақ Каталогта жарияланған сауда ұсыныстарын көрсетеді:
Жарияланған сауда ұсынысы бойынша бағаны қосу үшін каталог плиткасындағы "Бағаны орнату" батырмасын басу керек:
Немесе тауардың бетінде:
Тауар артикулын, ҚҚС-сыз құнын көрсетіңіз және осы тауар қолда бар сату нүктелеріне қанат белгісін қойыңыз:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Сақтамас бұрын, сауда ұсынысына енгізілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеріңіз.
Қажетті өрістерді толтырғаннан кейін "Сақтау" батырмасын басу керек:
Жүйе міндетті жолдардың толтырылуын тексеруді жүзеге асырады:
- егер "Артикул" өрісі толтырылмаған жағдайда Жүйе "Артикул міндетті өрісі толтырылмаған" қатесін көрсетеді
- "ҚҚС-сыз баға" өрісі толтырылмаған жағдайда, Жүйе: "Сіз Алматы қаласының елді мекенінде бағаны 1 теңгеден төмен сақтай алмайсыз" қатесін көрсетеді
- "Сату нүктелерінде бар болу" өрісі толтырылмаған жағдайда, Жүйе: "Сіз сату нүктелерінде жоқ деректерді сақтай алмайсыз, өйткені аталған сауда ұсынысы жарияланған" қатесін көрсетеді
- қажетті өрістер толтырылған жағдайда, Жүйе: "Деректер сақталды" сәтті сақтау туралы хабарламаны көрсетеді
Деректер сақталғаннан кейін, Жүйе сауда ұсынысын автоматты түрде жариялайды, сондай-ақ сауда ұсынысын Өнім берушінің жеке кабинетінде "Тауарлар" бөлімі - "Ұсыныстарды басқару" тармағында сақтайды:
Каталогқа жүктелген, бірақ сауда ұсынысы жарияланбаған тауар бойынша бағаны қосу үшін, "Бағаны бірінші қосу" батырмасын басып, "Бағаны белгілеу" батырмасын пайдалану арқылы тауарға бағаны қосу бойынша ұқсас әрекеттерді орындау қажет..
|