• «Жеке кабинет» бөлімі - «Сату және Комиссиялар» - «Сату» мәзірінде Дүкенмен Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерінің шығарылған тізімін көруге болады:



    Аталған комиссия бойынша Актіні қарау үшін - «PDF жүктеу» батырмасын басу қажет:



    "PDF жүктеу" батырмасын басқаннан соң - Актімен танысуға болатын парақша ашылады, сонымен қатар "Файлды жүктеу" немесе "Басып шығару" мүмкіндігі бар:



    Актілер бойынша түзетулер енгізуге сұраным жолдау үшін - "Қарау" батырмасын басу қажет:



    Мәтінді енгізу үшін нысан ашылады - Акт бойынша ескертулер енгізу үшін - "Сұранымды жолдау" батырмасын басу қажет:





    Көрсетілген терезеде - түзету бойынша Сұранымның мәнін жазу керек, содан соң "Иә, жіберу" батырмасын басыңыз. Содан кейін Сұраным қарауға жіберіледі.


    Таңдалған комиссия бойынша Актіге қол қою үшін - "Қол қою" батырмасын басу қажет:



    Акт, Актіде көрсетілген қол қоюшыға берілген ҚР ҰКО ЭЦҚ қол қойылады.


     


    • "Тапсырыстар бойынша деректерді өңдеу қызметіне арналған актілер" - шартқа Қол қойылған күн бойынша қалыптастырылады.
    • "Жеткізу бойынша деректерді өңдеу қызметіне арналған актілер", өз бетінше жеткізуді таңдау барысында (OMarket Жеткізуінен бас тарту) - сондай-ақ шартқа Қол қойылған күн бойынша қалыптастырылады.
    • "Жеткізу бойынша деректерді өңдеу қызметі үшін актілер", OMarket жеткізуді таңдау кезінде-Тапсырыс берушіге тауарды сәтті жеткізу күні бойынша, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік сатып алу порталында орындалған жұмыстар актілерін бекіту туралы деректер алынған кезде қалыптастырылады.

    Қызмет көрсету бойынша актілерді шығару барысында Өнім берушінің электрондық поштасына хабарлама келеді.
    Қызмет көрсету жөніндегі актілерді келісу және қол қою 5 жұмыс күні ішінде қолжетімді, аталған мерзім өткеннен кейін қызмет көрсету жөніндегі актілер "Автоматты түрде қол қойылады" мәртебесіне өтеді.

    Жоғарыда көрсетілген шарттар Жария офертада белгіленген.