• Әмиян

    Тапсырысты растау үшін әмияныңызда жеткілікті теңгерім болуы керек. Әмиянды толтыру үшін "Жеке кабинет" бөлімі - "Әмиян" мәзіріне өту қажет:



    Әрі қарай, әмиянды толтыруға қажетті соманы көрсетіңіз және "Төлемге арналған шотты қалыптастыру" деген батырманы басыңыз:




    Батырманы басқан кезде Жүйе төлемге арналған шотты қалыптастырады:



    Төлемге арналған шоттың жүйелік нөмірін басу арқылы дербес компьютерге pdf форматындағы құжат жүктеледі:



    Шотқа "Шығарылды" деген мәртебе беріледі. Аталған мәртебеде "Төлемді жою" батырмасын басу арқылы төлемге арналған шотты жою қолжетімді.



    Шотты онлайн төлем арқылы төлеу үшін "Онлайн төлеу" атты батырманы басыңыз:




    Содан кейін «Halyk bank» және «Woppay» екі төлем жүйесін таңдау терезесі ашылады. Бір төлем жүйесін таңдау керек:




    Бұдан әрі төлем жүргізілетін банк карточкасының деректерін енгізу қажет бет ашылады:



    МАҢЫЗДЫ: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кейбір төлем жүйелері картадан есептен шығару бойынша деректерді енгізуді талап етеді.


    Төлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сізбен көрсетілген банк картасынан 1-теңгеден 100 теңгеге дейінгі сома есептен шығарылып, қайтарылды.

    Сізге пуш хабарлама немесе смс келеді:




    Төлемді растау үшін есептен шығарылған соманы көрсетіп, "Төлемді жалғастыруды" басыңыз:


    Немесе СМС/пуш хабарламасының көмегімен растау керек. Кодты енгізіп, «Растау» батырмасын басу керек.